Қаржылық артықшылықтары

Салықтық жеңілдіктер

Қазақстанда инвесторларға қолдау көрсетіледі және олар өз компаниясын жылдам әрі үнемді құру мүмкіндігін пайдалана алады. Халықаралық инвесторлар Қазақстандағы инвесторларға заң жүзінде тең және олар өз бетінше немесе қазақстандық серіктестермен бірлесе отырып, заңды немесе жеке тұлға ретінде компаниядар құра алады. Компания құрудың шектелмеген еркіндігі бар, ол бірлескен кәсіпорын немесе дербес жеке кәсіпорын болуы мүмкін. Қосарланған салық салуға, кері алымдар жүйесіне жол бермеу туралы халықаралық реттелетін келісімді, сондай-ақ корпоративтік салық салудың нақты анықталған ұлттық қағидаларын, ҚҚС, салықтық есептеулерді және табыс салығын қолдану арқылы Қазақстан инвесторлар, импорттаушылар және шетелдік жұмыскерлер үшін тұрақты бизесті қамтамасыз етеді. Қазақстанда тұрақты өкілдігі арқылы бизнес жүргізетін шетелдік инвесторлар Қазақстанның салықтық заңнамасын ұстануы тиіс. Дегенмен, тұрақты өкілдік алатын пайдаға табыс салығы салынбайды.
Арықшылықты инвестициялық жобалар үшін, соның ішінде жаңғыртылатын энергия көздері үшін Қазақстанның үкіметі салықтық жеңілдіктер ұсынады. Корпоративтік салықтан 10 жылға, мүлікке салынатын салықтан 8 жылдан аспайтын мерзімге босатылады.
Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарда (АЭА) ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақтар нақты өңірлерде және секторларда өнеркәсіптің заманауи салаларын дамыту үшін және ықпал ету үшін қызмет етеді. Инвесторлар АЭА аясында өзінің күйінен эәне жаңғырту жөніндегі үкіметтік жоспарларға атысуынан пайда алады. Инвесторлар корпоративтік салықтан, мүлікке салынатын салықтан, арнайы экономикалық аймақтағы ҚҚС-тан және әлеуметтік қамту салығынан алғашқы бес жыл ішінде босатылады. Сонымен қатар, үкімет рұқсаттарды берудің, жеке байланыстардың, кедендік баж салықтардан босатудың жеңілдетілген рәсімдерін, тегін инфрақұрылымдық дамуды және жер телімін ұсынады. Жаңғыртылатын жнергия көздері саласын ілгерілету үшін Алматы облысында арнайы экономикалық аймақы құру жоспарлануда.

Жеңілдік тарифтері

Қазақстан эаңғыртылатын энергия көздерінен алынған электр энергиясы мен жылуды сатуға ықпал етеді. Энергия өндірушілерде электр энергиясын биллингтік және қаржылық орталыққа немее тікелей тұтынушыларға сату үшін таңдау еркіндігі бар.

Қазақстан жаңғыртылатын энергия көздернен шығарылатын электр энергиясына жеңілдік тарифтері заңмен тағайындалады және белгіленеді. Энергия өндірушілердің инфляциясын шетелдік валютада өтеу мақсатында белгіленген жеңілдік тарифтері жыл сайын тексеріледі. Кесімді мерзім болып әрдайым 1-ші қазан табылады. Егер долларға қатысты айырбас бағамы 25%-ға өзгерсе немесе алдыңғы

жылмен салыстырғанда артық болса, жеңілдік тарифтерін индекстеу жүргізіледі. Тұтынушылық тарифтер формула бойынша есептеледі.
Бұл инвесторларға жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асырған кезде көбірек айқындықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар табысты есептей алады.

Қазақстанда электр энергиясына 04/2017 жылдан бастап әрекет ететін жеңілдік тарифтері

Энергия тасығышы

Жеңілдік тарифі, теңге / кВтсағ. Жеңілдік тарифі, евро / кВтсағ.

Жел энергиясы

22,68 0,07

Күн энергиясы

22,68

0,07

Гидроэнергия

16,71

0,05

Биомасса энергиясы

32,23

0,09

Инвестициялық гранттар

Қаржыландыру бағдарламасы бүкіл әлемде бар. Олар инвесторларға

қаржылық және тұжырымдамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Жобалаға және компанияларға қаржылық қолдау көрсетуді жергілікті және халықаралық банктер, жаһандық даму банктері мен қорлар қамтамасыз етеді. Лизинг, несие беру, капитал салымына үлестік қатысу эәне экспорттық кепілдіктер сияқты қаржыландыру нысандары ұзақ мерзімді инвестицияларды қамтамасызх етеді.