Энергия тиімділігі

Энергияны үнемдеу – Энергияны аз қашықтықтарға тасымалдау

Аумақтың өте үлкендігі (2,7 млн. км²) және халықтың орналасу тығыздығының төмендігі (бір шаршы километрге шаққанда алты адам) кейбі өңірлерді дамыту үшін тосқауыл болады; көптеген елді мекендер ірі электр станцияларынан алыс орналасқан. Кабельдік электр желілерінің бойымен өтетін ұзын көліктік бағыттар энергияның үлкен шығындарына (60% дейін) әкеп соғады. Жаңа элекр берілісі желілерінің құрылысы сияқты, оларға қызмет көрсету де өте қымбат және көп жағдайда тиімсіз. Сондықтан да біз тұратын төңіректе жаңғыртылатын энергияны пайдалануды кеңейтудің маңызы зор, себебі энергия шығындары азаяр еді және энергия жеткізулердің қауіпсіздігі артар еді. Сондай-ақ энергетикалық секторда энергияны үнемдеудің орасан зор әлеуеті бар. Мысалы, Ерейментау қаласындағы жел электр станциясы («Озық тәжірибе» тарауын қараңыз) жылына шамамен 60.000 тонна көмір үнемдейді және ластағыш жылыжайлық газдардың шығарындыларын азайтады. Жалпы, әрқайсымыз энергияны үнемдеуге өз үлесімізді енгізе аламыз. Мұны жасаудың көптеген тәсілдері бар. Мысалы, бөлмеден шығар алдында жарықты өшіріп қою керек немесе тамақ әзірлеу кезінде энергияны үнемдей аламыз. Бұл қалай жұмыс істейтіндігі туралы сіз интерактивті викторинаға қатысу арқылы біле аласыз (төменде қараңыз). Энергияны үнемдеуге қатысты өзіңіздің жеке әлуетіңізбен танысыңыз және қоршаған орта үшін не жасай алатыныңызды және сонымен қатар ақшаны қалай үнемдеуге болатынын қарап шығыңыз.