Қазақстан туралы фактілер

Неліктен Сіз үшін Қазақстанның жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестициялар енгізген жөн?

Себебі: Қазақстан экологиялық таза энергия көздері бар ел болып табылады. Қазақстан аумағының шамасы үлкендігі бойынша әлемдегі тоғызыншы ел болып табылады және оның аумағы 2 724 900 км2 құрайды. Елде энергияны тұтыну артып келеді, сондықтан экологиялық таза энергияға және энергиялық тиімділікке деген сұраныс артып келеді.

Елде жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін орасан зор әлеует бар: Қазақстанда орташа есеппен жылына шамамен 300 күн шуақты күн болады, бұл реттеорташа күн сәулесі жылына 2200 сағаттан 3000 сағатқа дейін және м³-ге шаққанда жылына 1300 – 1800 кВт құрайды. Күн энергиясының әлеуеті сағатына 3,76 ТВт құрайды.

Күн энергиясының жоғары әлеуетімен қатар, Қазақстан сондай-ақ жел энергиясына қатысты көптеген ұсыныс жасай алады. Желдің орташа жылдамдығы ел аумағының 50 пайызында секундына 4-5 метрді құрайды. Әсіресе елдің оңтүстігі мен шығысындағы әлеует орасан зор және сағатына 1,8 ТВт құрайды.

Жел жнергиясының әлеуеті 2030 жылға қарай болжалды энергия тұтынуынан 10 есе артады. Жел энергиясын өндіру үшін техникалық әлеует 354.000 МВт құрайды. Оң жақта Ерейментаудағы жел паркін көре аласыз. Кәсіпорынның жаңғыртылатын энергия көздерді өндіру жөніндегі жобалары туралы ақпарат алу үшін «Жобалар» дегенді басыңыз.

2020-шы жылға қарай қалдықтардың 5% биомассадан электр энергиясын шығару үшін пайдаланылатын болады. Жоспарланған пайдалану 300 МВт дейін құрайды. Негізгі гидроэнергетикалық рсурстар елдің шығысында және оңтүстік-шығысында орналасқан. 2014 жылы гидроэлектр станцияларда елдегі электр энергияның  7,9% өндірілді. Шағын ГЭС-терде энергия өндірісін 4800 МВт дейін арттыру жоспарлануда.

Экономикалық нарық

Қазақстан шетелдік серіктестер үшін айтарлықтай ашық. Елдің егеменділік берешегі төмен, сондай-ақ жоғары валюталық резервтер бар. ТМД-ң 5 орта-азиялық республикаларының арасында Қазақстанның экономикасы ең тиімді. Сонымен қатар, елдегі саяси ахуал айтарлықтай тұрақты, ал бизнес-инфрақұрылым жақсы дамыған. Құқықтық базаны жетілдіру және инвесторларға қаржылық және заңгерлік жағынан қолдау көрсетудің жаңа механизмдерін енгізу арқылы, сондай-ақ консультациялық қолдау көрсетудің арқасында инвестициялық ахуал үнемі жаңғыртылады. Технологияларды өткізудің жаңа нарығы мен ноу-хаудың арқасында бәсекелік артықшылықтар бар.

Бәсекелік артықшылықтары

Қазақстан жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану технологияларының салыстырмалы түрдегі жаңа нарығы болып табылады. Фотогальваникалық жүйелер, жел энергиясы және гидроэнергетика сияқты тексерілген заманауи технологияларды импорттауға деген сұраныс жоғары. Сонымен қатар, техникалық саладағы білікті мамандар өте тапшы, себебі әсіресе жаңғыртылатын энергия көздерін орнату және пайдалану саласында қандай да бір оқу курстары аз. Шетелдік компаниялар біздің мамандармызға техникалық ноу-хаудан бастап, жобаларды кешенді басқару сияқты шешімдерді ұсына алар еді, осылайша, айқын бәсекелік артықшылық қамтамасыз етілер еді.

Заңгерлік артықшылықтары

Қазақстанның жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мәселелеріне қатысты саяси еркіндігі 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-II Қазақстан Республикасының Заңында бейнеленді. Электр энергиясын өндіру мен бөлудің

энергетикалық секторында барлық инвесторлар кез-келген жобаға инвестициялар салуға құқылы, егер заңнамалық органдар бұл заңға шектеулер енгізбесе.
Сонымен қатар, заң мынадай құқықтарға кепілдік берді:

  • Инвестицияларды құқықтық қорғау
  • Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың заңсы әрекеттері үшін өтемақы төлеу
  • Салықтарды төлегеннен кейін пайданы өз айымдауынша жұмсау
  • Инвестицияларды экспроприациялау немесе ұлттандыру айрықша жағдайларда ғана және нарықтық құны мөлшеріндегі саналы өтемақы үшін ғана жүзеге асырылады
  • Алдын-ала таңдалған тауарларды импорттау үшін

кедендік баж салықтарын төлеуден босату
Кейбір жағдайларда субсидиялау мүмкін, ол жер, ғимараттар, нысандар, машиналар, жабдықтар мен көлік құралдары сияқты заттай субсидиялардың есебінен жүзеге асырылады. Артықшылық инвестициялық жобалардың шетелдік жұмыскерлері үшін Қазақстанда жұмыс істеу үшін рұсқат талап етілмейді. Салық заңнамасында көрсетілген инвестицялық жобалар үшін салықтардың төмендеуі осы заңда да бекітілген.