Жел энергиясы

Жел турбиналары – Заманауи жел турбиналары, әдетте бір діңгектен, гондоладан, ротор қалақшаларынан, беріліс қорабынан, ротор білігінен, генератордан және басқарушы жалаулардан тұрады. Жел турбиналарының тапсырмасы – электр энергиясын желдің көмегімен өндіру. Осы мақсат үшін, жердің беткі қабатындағы атмосефралық қысымның әртүрлі жағдайларымен шартталған желдің кинетикалық энергиясы энергияны генерациялау үшін туындайды. Энергияның қанаттар арасынан өтуі қалқымалылықты тудырады, ол қанаттарды айналдырады.

Жел энергиясының тарихы – Көптеген жылдар бұрын адамдар жел күшін өздеріне пайда әкелетіндей етіп пайдалану әдісін тапты. Жел диірмендері бидайды ұсақтауға көмектесті. Сондай-ақ желдің күші теңіздер мен мұхиттардан кемемен жүзу үшін де пайдаланылды. Шын мәнісінде, энергияны желдің көмегімен генерациялау қағидасы сол кезден бері өзгерген жоқ. Жел энергиясының артықшылықтары – Барлық жаңғыртылатын энергия көздері сияқты, жел энергиясының артықшылықтары айқын. Энергияны алу үдерісі кезінде ластағыш заттар аз мөлшерде түзіледі, бұл ретте энергия көзі іс жүзінде таусылмайтын болып табылды.

Желдің әлеуеті – Жаңғыртылатын энергия тұжырымдамасын табысты жүзеге асыру үшін жел энергиясы қте маңызды болып табылады, себебі желдің арқасында энергияны өндіру энергияны біз тұтынатын мөлшерден он есе өндіруге мүмкіндік берер еді.

Күн энергиясы

Жел энергиясы

Гидро

Биомасса энергиясы

Геотермальдық энергия