Жаңғыртылатын энергия

Көмір немесе мұнай сияқты қазба отындар таусылып бара жатқаны алаңдатушылық тудыруда. Мысалы, мұнай өндіру нормасы бұдан әрі ұлғайтыла алмайды, ал бұл ретте климаттың өзгергені әлбетте айқын байқалады. Мұздықтардың еруі, ауа-райының жиі құбылуы, өзендердің солуы немесе орман өрттері туралы хабарды бұрынғыға қарағанда жиірек естіп жүрміз. Адамзат энергияны үнемдеп қана қоймай, оны анағұрлым экологиялық тәсілдермен өндіруге мәжбүр. Сондықтан жаңғыртылатын энергияны өнгізу мен пайдалануды одан әрі дамыту қажет.

Күн энергиясы

Жел энергиясы

Гидро

Биомасса энергиясы

Геотермальдық энергия

Қазба отынға қарағанда, күн энергиясы мен гидроэнергия, геотермальдық энергия мен жел энергиясы, сондай-ақ биомасса энергиясы климат үшін қолайлы ғана емес, сондайіс жүзінде шектелмеген мөлшерде қолжетімді. Алайда, әлемнің барлық жерлерінде бірдей емес. Жел барлық аудандарда бірдей қатты соқпайды, ал геотермальды жылуды басқа аудандарға қарағанда бір ауданда көбірек алуға алуға болады, бұл геологиялық жағдайларға байланысты. Мүмкініктерді болашақта пайдалану үшін географиялық жайғасуға байланысты барлық қолжетімді энергия көздерін пайдаланудың маңызы зор. Мүмкіндіктер өңірлік жағдайларға ғана емес, сондай-ақ энергияны не үшін пайдалану қажет екендігіне де байланысты. Мысалы, күн энергиясымен қатар, ағаш энергиясы мен геотермальдық энергияны ғимараттарды жылыту үшін пайдаланған жөн. Орынжайды тіпті күн сәулесінің энергиясы арқылы өндірілген электр энергиясымен жылыту ысырапшыл және қымбат тәсіл болып табылады.