Биомасса энергиясы

Биомасса дегеніміз органикалық заттың кез-келген түрін білдіреді, мысалы: ауыл шарушалығындағы дақылдар, сүрек сияқты өсімдік қалдықтары, қоқыс немесе қи. Оны өңдеу кезіндегі алғашқы қадам болып биомассаны биогазға айналдыру табылады, ол биореактор арқылы жүзеге асырылады Биореакторлар биомасса жиналатын түтіктер немесе сұйыққоймалар болып келеді. Химиялық үдеріс арқылы биомасса биогаз түзе бастайды. Газ автокөліктер немесе электр станциялары үшін отын ретінде пайдалыныла алады, ал биомассаның қалған бөлігін фермерлер тыңайтқыш ретінде пайдаланады.

Биомассамен жұмыс істейтін электр станциясы қазба отынмен жұмыс істейтін кәдімгі электр станциясы сияқты жұмыс істейді, бірақ майды жағудың орнына биомасса немесе биогаз жағылады. Оның артықшылығы болып жағылатын шикізаттың қайтадан өсіп шыға алатыны табылады. Пайдаланылған өндірілген жылу құбырлар арқылы қалаларға үйлерді жылуты үшін жеткізіледі. Осылайша халық өз үйлерін жылыту үшін өзге жүйені қажетсінбейді. Болмашы инвестициялар кезінде қазба отынмен жұмыс істейтін әр электр станциясы биомассамен жұмыс істейтін электр станциясы ретінде қайта жабдықтала алады.

Күн энергиясы

Жел энергиясы

Гидро

Биомасса энергиясы

Геотермальдық энергия